gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ерекше акция өтті

8 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ерекше акция өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы аясында тазалық мәдениетін арттыруға бағытталған ерекше форматтағы сенбілік өтті. Шара қаладағы Ш.Уәлиханов және Абай көшелерінде ұйымдастырылып, оған жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.

Тазалық жұмыстарына әрбір көпқабатты үйдің тұрғындары түгелдей атсалысып, өз аулалары мен аумақтарын қоқыстан тазартты. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы полигондарға шығарылды. Ең бастысы, бұл сенбілік тек қоқыс жинау шарасы ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шара болды.

«Бір қап қоқыс – бір балмұздақ» атты ұранмен өткен акцияға бүлдіршіндер ерекше қызығушылық танытты. Әрбір жиналған қапшық үшін балаларға балмұздақ пен түрлі ойыншықтар үлестіріліп, олардың қуанышы еселенді. Осындай тәсіл арқылы ұйымдастырушылар жас буынға табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау секілді құндылықтарды іс жүзінде көрсетуді мақсат тұтты.

Ата-аналар мен тұрғындар да бұл бастаманы жылы қабылдап, балаларын сенбілікке ерте келіп, оларға үлгі көрсетті. Қоғамдық ортада мұндай бірлескен іс-қимыл тұрғындардың өзара ынтымағын арттырып, көршілер арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсті.

Қазіргі таңда елімізде экологиялық тәрбие мен санитарлық талаптарды сақтау мәселесі аса өзекті болып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында табиғатты қорғау және қалалардың экологиялық ахуалын жақсартуға ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өткен болатын. Осы тұрғыда Кентауда қолға алынған бұл бастама мемлекеттік саясатпен үндесіп, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге нақты үлес қосуда.

Алдағы уақытта мұндай сенбіліктер қала бойынша тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады. Көпқабатты үйлердің аулалары кезең-кезеңімен қамтылып, тұрғындар табиғатты қорғауға, ортақ мекенге қамқорлықпен қарауға шақырылады. Бұл – Кентаудың жасыл желекті, таза әрі көркейген қала болып дамуына жол ашатын игі қадамдардың бірі.

Кентаулықтар сенбіліктің тек бір реттік шара емес, қоғамды біріктіретін дәстүрге айналғанын қалайды. «Таза қала – салауатты өмір салтының кепілі» деген түсінік бүгінде әрбір тұрғынның ұстанымына айналуы тиіс.

Previous Post

Жолдау жүктеген міндеттер

Next Post

Кентау мектептерінде жастардың діни сауатын арттыруға арналған кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz