gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында газ инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 үлкен жоба әзірленді

2 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында газ инфрақұрылымын дамыту мақсатында 7 үлкен жоба әзірленді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы соңғы жылдары еліміздегі қарқынды дамып жатқан аймақтардың біріне айналды. Облыс құрылған өңірде елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Әсіресе, өңір халқын табиғи газбен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі болып табылады. Бұл жұмыстардың нәтижесінде жыл сайын көгілдір отын игілігін көріп отырған елді мекендер саны артып, облыстың энергетикалық тәуелсіздігі мен экологиялық жағдайы жақсарып келеді.

Жалпы 2018-2024 жылдар аралығында Түркістан облысында 115 нысанның газ құбыры құрылысы аяқталып, 563 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұл – шамамен 1,8 миллион адам көгілдір отынға қол жеткізді деген сөз. Облыстың табиғи газбен қамтылу деңгейі бүгінде 69,7 пайызға жетіп отыр. Ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 75,3 пайызға жеткізу жоспарланған. Яғни, қосымша 45 елді мекенді газға қосу көзделіп отыр.

Осы орайда Сауран ауданында әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобалардың табысты жүзеге асырып келе жатқанын айта кетейік. Аудан халқын табиғи газбен қамту мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін табуда. Қазіргі таңда аудандағы 10 елді мекен көгілдір отынмен қамтылған. Бұл – жалпы аудан елді мекендерінің 43,3 пайызын құрайды. Газ жүйесіне 7 880 абонент қосылған болса, оның 70,2 пайызы бүгінде газды тұрақты тұтынып отыр.

Қазіргі таңда газдандыру жұмыстары Сауран ауданында тоқтаусыз жалғасып жатыр. Атап айтқанда, Қарашық және Жүйнек ауылдық округтеріне жеткізуші магистральды газ құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұл желілер болашақта аталмыш округтердегі ауылдарды толығымен газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Оранғай, Шорнақ, Қосмезгіл және Аша елді мекендерінде ішкі газ құбырының құрылыс жұмыстары басталған. Бұл ауылдарда алдағы уақытта көгілдір отынның оты тұтанып, тұрғындар жыл сайынғы көмір мен ағаш тасу машақатынан құтылады.

Сауран ауданының газ инфрақұрылымын одан әрі кеңейту мақсатында, жалпы құны 9,1 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба әзірленіп, республикалық бюджетке ұсынылды. Бұл жобалар Шыпан, Жүйнек, Қарашық, Құмтүйін, Шекербұлақ, Бостандық және Қосқорған ауылдарын ішкі газ құбырларымен қамтуды көздейді. Аталған жобалар іске асырылған жағдайда, аудан халқының басым бөлігі көгілдір отын игілігін көрмек. Газ тарту тек тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауылдық жерлерде кәсіпкерлік нысандардың, шағын өндірістің дамуына да серпін береді.

Бұдан бөлек, Бабайқорған, Майдантал және Жібек Жолы ауылдық округтерін газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Бұл елді мекендер де алдағы жылдары облыстың орталықтандырылған газ жүйесіне қосылып, ауданның газдандыру көрсеткіші айтарлықтай артады. Бұл жоспарлар аудандағы әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету, шалғай ауылдарды дамыту, тұрғындарды өмір сүруге жайлы жағдаймен қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қадамдардың бірі.

Жалпы алғанда, Түркістан облысының құрылуы елді мекендердің екінші тынысын ашқандай әсер етті. Әрбір ауылдың, әрбір шағын елді мекеннің әлеуеті есепке алынып, нақты істерге негізделген даму жоспары іске асып келеді. Бұл үрдістен Сауран ауданы да шет қалмай, әрбір ауылға жан бітіріп, көгілдір отынмен, жарықпен, ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуда.

Previous Post

Сауран ауданында алғаш рет «Әлеуметтік бақша» жобасы іске қосылып, жиналған өнімдер мұқтаж отбасыларға тегін таратылып жатыр

Next Post

Қазақстан мен Қытай Түркістан облысында қуаттылығы 300 мвт болатын күн электр станциясын салады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz