gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында оннан астам ауылға электр желілері тартылады

5 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында оннан астам ауылға электр желілері тартылады
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданындағы электрлендіру жұмыстары да қарқынды жүзеге асырылуда. Аудандағы 57 елді мекен толық электр қуатымен қамтылған. 2023 жылы бюджет есебінен Шұбарсу ауылында электр желісін тарту құрылысы толығымен аяқталып, 5984 абонент электр желісіне қосылды. Сонымен қатар, 2024 жылы «Ауыл-Ел-бесігі» бағдарламасы аясында Қарақұм, Төрткүл, Қызылжар және Спатаев ауылдарының жаңа құрылыс аумақтарындағы 17 көшеге электр желісі жүргізіліп, трансформатор орнату жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстар нәтижесінде 316 абонент электр желісіне қосылды. Темірлан елді мекеніндегі 4 көшеге де электр желісі мен трансформатор орнатылды, бұл 116 абонентке қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

Биылғы жылға жоспарланған шаралар да кең көлемде. Бөген, Елшібек, Төрткүл, Қызылжар, Бадам, Дербес, Ақбұлақ, Мамыр, Ұялыжар, Теспе, Ынтымақ, Қайнар, Темірлан және Шұбар ауылдарында жаңа құрылыс аумақтарына электр желілерін тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қаржыландыруға облыстық салалық басқармаға ұсынылды. Бұйыртса, 1112 тұрғын сапалы электр қуатына қосылатын болады. Бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі серпін береді.

Previous Post

Түркістан облысында 800-ден астам түлек «Серпін» бағдарлармасымен грантқа түсті

Next Post

Қазақстанда «үй жанындағы дүкендердегі» бағаларды бақылау күшейтіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz