gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында халықтың 71,1% көгілдір отынға қол жеткізіп отыр

12 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында халықтың 71,1% көгілдір отынға қол жеткізіп отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жаңа серпін алып, өмір сапасын арттыруға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Айталық, қазіргі таңда Келес ауданында 83 елді мекеннің 59-ы табиғи газбен қамтылып, 116 874 тұрғын немесе аудан халқының 71,1% көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. Бұл көрсеткіш соңғы жылдардағы ауқымды құрылыс пен инфрақұрылымдық жобалардың нақты нәтижесі.

Бүгінде 2 елді мекенде газ тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, тағы 2 ауылда құрылыс толық аяқталып, тұрғындарды газбен қамтуға дайын тұр. Сонымен қатар, 9 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларға түзетулер енгізіліп жатыр. Алайда, 6 елді мекен қазіргі уақытта экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Энергетика инфрақұрылымын жаңарту және кеңейту – халықтың өмір сапасын арттырудың басты факторларының бірі» деп атап көрсеткендей, Келес ауданында газдандырумен қатар электр қуатын тұрақтандыру, жолдарды жөндеу, ауыз су тарту сияқты маңызды жобалар да қарқын алуда.

Мұның барлығы Келес ауданының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты даму жолына түскенін көрсетеді. Ел Президенті атап өткендей, «Әр азамат өз туған жерінде өмір сүруге қолайлы жағдайды сезінуі тиіс». Бұл бағытта Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстар ел мүддесіне қызмет етуде.

Previous Post

2025 жылдың 7 айында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3% болды

Next Post

Ваучерлік қаржыландыруды енгізу арқылы 7,7 млрд теңге үнемделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz