gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар ауданында тазалық жұмыстары қарқын алды

2 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырар ауданында тазалық жұмыстары қарқын алды
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында 2025 жылдың наурыз айынан бастап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бірқатар ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Бұл бастама аудан аумағын санитарлық тазалау, көгалдандыру, көркейту және инфрақұрылымды ретке келтіруге бағытталып, тұрғындар мен мекемелердің кең қолдауына ие болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің ортақ міндетіміз – келесі ұрпаққа экологиялық тұрғыдан таза, жайлы әрі гүлденген елді қалдыру», – деп атап өткен болатын. Осыған орай елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы бүгінде кең көлемде жүзеге асып, нақты нәтижелерін беруде.

Айталық, Отырар ауданы аумағында 382 ішкі көше мен 37 аялдама ретке келтірілді. Жалпы көлемі 358,9 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалар көмегімен шығарылды. Бұл жұмыстарға 12 765 азамат белсене қатысып, 79 дана арнайы техника жұмылдырылды. Сенбіліктер тек тазалық шарасымен шектелмей, қоғамдық белсенділіктің жарқын үлгісіне айналды.

Аудан бойынша 7 611-ден астам ағаш бұталары кесіліп, 65,2 шақырым аяқ жолдардың бойы, 16 саябақ пен сквер, 33 балалар және спорттық ойын алаңшалары, 40 көпқабатты тұрғын үй аулалары, 1813 тұрғын үйдің қасбеті абаттандырылып, көркейтілді. Көктемгі көгалдандыру аясында 27 500 дана ағаш көшеттері отырғызылып, 27,1 шақырым ирригация жүйелері тазартылды. Сонымен қатар, 1369 жол белгілері жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар да ескерілді.

Акция аясында тек тазалық шаралары ғана емес, материалдық-техникалық база да нығайып келеді. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен Отырар ауданына 10 трактор, 10 тіркеме, 2 автотиегіш, 1 экскаватор-погрузчик және 2 трицикл сатып алынды. Қазіргі таңда бұл техникалар ауыл округтері әкімдіктеріне табысталып, тұрақты санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде пайдаланылуда.

Previous Post

Нұралхан Көшеров өңір тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Next Post

Сауран ауданында алғаш рет «Әлеуметтік бақша» жобасы іске қосылып, жиналған өнімдер мұқтаж отбасыларға тегін таратылып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz