gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібас – табиғи газбен толық қамтылған аудандардың қатарында

8 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібас – табиғи газбен толық қамтылған аудандардың қатарында
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде ел дамуындағы басты басымдықтардың бірі – халықтың тұрмыс сапасын арттырып, инфрақұрылымдық мәселелерді кезең-кезеңімен шешу. Соның ішінде табиғи газ жүйесіне қосылу – тұрғындарға жайлы өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыратын маңызды фактор. Осы бағытта Түлкібас ауданы соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Қазіргі таңда ауданға қарасты 59 елді мекеннің 21 135 тұрғын үйі, яғни жалпы тұрғын үй қорының 99,8 пайызы табиғи газбен қамтылған. Бұл – аудан халқының басым бөлігі үшін өмір сүру сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Газдандырудың ауқымды көлемде жүргізілуі – ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқынының айқын көрсеткіші.

Сонымен қатар, аудан аумағында табиғи газ жүйесімен қамтылмаған екі елді мекен қалды. Олар – РЗД 115 (100 адам, 19 үй) және Қайыршақты (45 адам, 5 үй) елді мекендері. Бұл елді мекендердегі тұрғындар саны аз болғанымен, аудан басшылығы оларды назардан тыс қалдырмай, толық газдандыру бағытында нақты қадамдарға барып отыр.

Атап айтқанда, РЗД 115 елді мекенін газдандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттамалар әзірлеуге аудандық бюджеттен 10,2 миллион теңге қарастырылып, жұмыс басталып кетті. Ал Қайыршақты елді мекенін газ жүйесіне қосу мәселесі де күн тәртібінен түспей, болжам бойынша 675 миллион теңге көлемінде қаржы қажет ететін жобаның жүзеге асырылуы алдағы уақыттың еншісінде.

Ауданның газдандыру саласындағы табыстары – жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдірудегі жүйелі жұмыстың бір бөлігі ғана. Жол, жарық, ауызсу, білім беру және денсаулық сақтау нысандарының жаңғыртылуы, ауылдық округтердегі сервистік қызметтердің кеңеюі – Түлкібастың дамып келе жатқан аудандардың қатарында екенін көрсетеді.

Previous Post

Түркістан облысында 160-қа жуық азамат ауыл шаруашылығы санағына нұсқаушы ретінде жұмысқа тартылды

Next Post

Түркістандағы азаматтық форумда маңызды мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz