Кентау қалалық депутаттары мен қала тұрғындарының назарына
Кентау қалалық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
Кентау қаласы № 41 10 қыркүйек 2025 жыл
Кентау қалалық мәслихатының
сегізінші шақырылымының
кезектен тыс отыз бірінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2025 жылдың 15 қыркүйегінде сағат 16-00-де Кентау қаласында шақырылсын.
Күн тәртібінде:
1) Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №161 «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Кентау қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 наурыздағы №178 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Кентау қаласының қалаішілік және ауданішілік бағыттардағы автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифті және сараланатын тарифін белгілеуге келісім беру туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Кентау қалалық
мәслихатының төрағасы Қ. Елеусизов



