gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында 2027 жылға дейін газдандыру көрсеткішін 96,7 пайызға жеткізу жоспарланған

5 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұрт ауданында 2027 жылға дейін газдандыру көрсеткішін 96,7 пайызға жеткізу жоспарланған
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Әсіресе, соңғы жылдары инфрақұрылымды дамыту саласында, оның ішінде елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жобалар іске асырылуда.

Бүгінгі таңда аудандағы 61 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылып, бұл жалпы көрсеткіштің 80,3 пайызын құрап отыр. Бұл ауылдық жерде тұратын халықтың өмір сапасын арттырумен қатар, экологиялық тиімділікке, заманауи өмір сүру стандарттарына қол жеткізуге жол ашатын маңызды көрсеткіш болып табылады.

2024 жылы аудан үшін үлкен маңызға ие жобалардың бірі «Шанақ» автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГТС) іске қосылды. Жаңа АГТС 9 елді мекенді табиғи газбен қамтуға қауқарлы, бұл өз кезегінде ауданның газ инфрақұрылымын кеңейтуге зор мүмкіндік беріп отыр.

Жыл басынан бері 6 елді мекенге табиғи газ беріліп, ондаған мың тұрғын көгілдір отынның игілігін көре бастады. Қалған 6 елді мекенде газдандыру жұмыстары алдағы жылдары кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Оның ішінде Өгем мен Қарабау елді мекендері – экономикалық жағынан тиімсіз деп танылған ауылдар. Алайда қалған елді мекендерді қамту бағытында нақты жоспар бар.

Жалпы, 2027 жылға дейін 59 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етіліп, аудан бойынша газдандыру көрсеткіші 96,7 пайызға жетеді деп жоспарлануда.

Табиғи газ ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай, шағын кәсіпкерліктің, ауыл шаруашылығының дамуына да оң ықпал етуде. Қыста көмір жағудан арылған тұрғындар отынға кететін шығындарын қысқартып, тұрмыста тиімділікке қол жеткізуде. Қазығұрт ауданы бүгінгі таңда заманауи инфрақұрылыммен жабдықталып, ауылдарда өмір сүру сапасы айтарлықтай жақсарып келе жатқан өңірлердің бірі болып табылады. Алдағы жылдары да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, Қазығұрт халқы үшін өмір сүру сапасы жаңа деңгейге көтеріле түспек.

Previous Post

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың тамақтану жүйесіне жаңа стандарттар енгізіледі

Next Post

Жұмысшы мамандықтар жылында өңірде ауқымды істер атқарылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz