gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар ауданында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда

16 сентября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырар ауданында ірі инвестициялық жобалар іске асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы мен аграрлық өндірісте әлеуеті жоғары Отырар ауданы айрықша қарқынмен дамып келеді.

Аудан экономикасын әртараптандыруға үлес қосатын ірі жобалардың бірі – «Eliko Snacks» ЖШС-нің сублимациялық кептірілген жеміс өндіру жобасы. Бұл кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді қамтамасыз етіп қана қоймай, Отырардан шығатын өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған. Жоба аясында бес адам тұрақты жұмыспен қамтылып, тәулігіне 100 килограмм өнім өңдеу жоспарланып отыр. Бұл өңірдің ауыл шаруашылығы саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Сонымен қатар Ақтөбе ауылдық округінде «Мұрат» шаруа қожалығының 5000 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы басталды. 100 гектар аумаққа салынатын бұл нысан іске қосылғанда аудан тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ет өндірісінің көлемі айтарлықтай артады деп күтілуде. Мұндай жобалар ауданның аграрлық әлеуетін нығайтып, азық-түлік қауіпсіздігіне де оң әсер етеді.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аталған нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Ол жобалардың тиімділігі мен маңыздылығына тоқталып, жергілікті биліктің іскер азаматтардың бастамаларына қолдау көрсететінін атап өтті. Әкімнің айтуынша, ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласындағы мұндай инвестициялық жобалар аудан экономикасына серпін беріп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Отырар ауданының қарқынды дамуы Түркістан облысының жалпы экономикалық әлеуетін арттыруға және ауылдық аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың нәтижелі жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді.

Previous Post

кентауда жұмысшы мамандарды даярлайтын бірегей оқу орны бар

Next Post

Кентау колледжінде жастарға арналған түсіндіру жұмыстары өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz