gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «ойлан тап интеллектуалды ойыны өтті

14 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «ойлан тап интеллектуалды ойыны өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесі және «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті. Шараның басты мақсаты – жастардың білімін шыңдау, ұлттық құндылықтарға, тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзара сыйластық пен бірлікті насихаттау.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев шараға арнайы қатысып, «Рухани келісім күнімен» құттықтап, жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттады.
–Интеллектуалды сайыс қатысушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, олардың отансүйгіштік сезімін, ұжымдық рухын арттырады. Сонымен қатар, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа серіктестік және достық байланыстар орнатады, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Сайыс үш кезеңнен тұрды. Сұрақтар еліміздің және Түркістан облысының тарихы, әдебиет, ұлттық салт-дәстүрлер, дін саласындағы заңнамалар және спорт тақырыптарын қамтыды. Қатысушылардың білімі мен тапқырлығын кәсіби әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасы қатарында телогия және философия ғылымдарының докторы, профессор Досай Кенжетай, білікті дін қызметкері Айдос Оспанов және облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы болды.
Тартысқа толы өткен интеллектуалды сайыстың жеңімпазы – 500 000 теңгені Отырар ауданының құрама командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Сайрам ауданы (250 000 теңге) және «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ командалары (250 000 теңге) алса, үшінші орын Ордабасы (150 000 теңге) және Төлеби аудандарына (150 000 теңге) бұйырды.
Сонымен қатар, барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табысталды. Қатысушы командалар арасында ұлттық нақыштағы киім үлгілерімен ерекшеленген Жетісай, Сарыағаш, Созақ аудандарының және «Балаби қари» құран жаттау орталығының құрамалары көрермен көзайымы номинациясына, қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Айта кетсек, интелектуалды ойынға облыстың барлық аудан, қалаларынан ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, «Руханият» орталықтарының өкілдері, жастар ресурстық орталықтарында қызмет атқаратын теолог мамандар, дін қызметкерлері және медресе-колледж ұстаздары қатысты.
Previous Post

Арыста Қабылсай табиғи арнасы бойында жалпықалалық сенбілік өтті

Next Post

Түркістан облысында жер қойнауын пайдаланушылардың салық төлеу мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz