gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жеке қабылдауда мәселелер ашық айтылды

16 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жеке қабылдауда мәселелер ашық айтылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бүгін кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жалпы 22 адам жазылса, оның 20-сы қатысып, талап-тілектерін жеткізді.
Қабылдауға Сарыағаш, Отырар, Жетісай, Төлеби аудандары мен Шымкент және Түркістан қалаларынан азаматтар арнайы келіп, білім, жұмыспен қамту және әлеуметтік салалар мен өзге де мәселелерді көтерді. Мәселен, бір тұрғын жұмыс істеген кезеңдегі жалақыны ала алмауына шағымданса, енді бірі мектеп формасын алу мәселесін айтты. Сондай-ақ мектептің атауын өзгерту, мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру, білім ошағындағы ыстық тамақ мәселесіне қатысты түйткілдер де айтылды. Тұрғындардың бірі ауыз су мәселесіне қатысты шағымданды. Білім саласындағы заңсыздықтар айтылып, әлеуметтік көмек алу бойынша өтініштер тыңдалды. Сонымен қатар жалпы психологтарға арналған оқыту бойынша ұсыныс берілді.
Түрлі арыз-шағымын ала келген азаматтарды мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандар мен сала басшыларына ертерек шешімін табуды тапсырды.
Осылайша түйткілдер «Ашық әкімдікте» ашық айтылып, біршамасы қабылдау барысында шешімін тапты. Қабылдауға облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуіне атсалысты.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс әкімінің орынбасары тарапынан тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіліп келеді. Алдағы уақытта мұндай қоғамдық қабылдаулар жалғасын табады.
Previous Post

Түркістан облысында жылыту маусымы басталды

Next Post

Түркістанда туберкулезге қарсы қызметке 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-конференция басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz