gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күні аталып өтті

7 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күні аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өз жалғасын табуда. Соның аясында татар-башқұрт этномәдени қоғамдық бірлестігінің «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күні кең көлемде аталып өтті. Бұл шара – өңірде тұратын түрлі этностардың рухани мұрасын дәріптеу, ұлт пен ұлыс арасындағы өзара құрмет пен түсіністікті тереңдету, қоғамдағы бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды мәдени оқиға болып саналады.

Мерекелік жиын қоғамдық келісім КММ Түркістан облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылып, оған облыстық Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала тұрғындары мен жастар қатысты. «Тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күнін атап өту дәстүрі өңірде бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және ол елдегі этносаралық келісімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

Іс-шараның ашылу салтанатында Қоғамдық келісім КММ басшысының орынбасары Ерназар Баетов қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, этносаралық татулықтың ел тұрақтылығы үшін маңызын атап өтті.
– Бүгінгі мереке – еліміздегі ұлтаралық келісім мен достықтың жарқын көрінісі. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біз үшін басты құндылық – қоғамдағы бейбітшілік пен келісім. Әрбір этнос өз тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, дамытуға толық мүмкіндікке ие. Бұл – Елбасының бастамасымен құрылған Ассамблеяның және Мемлекет басшысының саясатының нақты жемісі, – деді ол.

Өз кезегінде Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарид Аюпов та қатысушыларға алғысын білдіріп, татулық пен ынтымақтың ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін айтты.
– Біздің елімізде әрбір этносқа мәдениетін сақтап, дамытуға барлық жағдай жасалған. Татар және башқұрт халқының өкілдері де осы мүмкіндікті жоғары бағалайды. Қазақстандағы тұрақтылық пен өзара сыйластық біз үшін ең үлкен байлық. Бүгінгі шара осы татулық пен бірліктің айғағы, – деді ол.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, сахна төрінде татар және башқұрт халқының ұлттық киімдері мен салт-дәстүрін паш еткен көріністер ұсынылды. Ұлттық әуендер мен билер, фольклорлық шығармалар көрерменге ерекше әсер қалдырды. Көпшілік қауым этномәдени құндылықтардың әсемдігіне, салт-дәстүрдің байлығына тағы бір мәрте көз жеткізді.

Шара барысында этномәдени бірлестіктің белсенді мүшелері ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудағы еңбектері үшін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшылығы атынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Айта кету керек, бүгінде Түркістан облысында 8700-ден астам татар және 600-ге жуық башқұрт этносының өкілі өмір сүруде. Олар өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, елдегі этносаралық келісімді сақтау бағытындағы түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралардың тұрақты қатысушылары болып келеді. Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі облыстық және қалалық деңгейде ұйымдастырылатын түрлі форумдар мен мерекелік жиындардың, қайырымдылық акцияларының белсенді ұйымдастырушысы.

Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – этностар арасындағы түсіністік пен өзара құрметті арттыру, ортақ Отанымыз – Қазақстанға деген сүйіспеншілікті нығайту. Қоғамдағы татулық пен тұрақтылық – ел дамуы мен болашағының кепілі. Бұл бағыттағы жұмыстарға этномәдени бірлестіктердің үлесі айрықша.

Мерекелік шара соңында қатысушылар бірлік пен ынтымақтың маңызын тағы бір мәрте атап өтіп, этностар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

Previous Post

Кентауда жастарға ел бірлігі мен құқықтық мәдениетті сақтау түсіндірілді

Next Post

Түркістан облысында ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz