gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттың болашағы оның бірлігінде, татулығында, салт-дәстүрді сақтай отырып өркендеуінде

11 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұлттың болашағы оның бірлігінде, татулығында, салт-дәстүрді сақтай отырып өркендеуінде
Share on FacebookShare on Twitter

Ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылық – мемлекет тұтастығы мен болашағының кепілі. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Бұл бағытта Кентау қаласының тәртіп сақшылары ел бірлігін сақтау, діни тұрақтылық пен ұлттық құндылықтарды қорғау жолында халықпен тығыз жұмыс жасап келеді.

Кентау қалалық полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Азамат Сәрсенқұловтың айтуынша, қаладағы барлық құқықбұзушылықтар жіті бақылауда. Қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту – басты назарда.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында Кентауда нақты шаралар қолға алынған. Қалада 8 патрульдік полиция қызметкері екі ауысымда жұмыс істеп, учаскелік инспекторлармен бірге көпшілік жүретін аумақтарды тұрақты түрде бақылап отырады. Жол бойындағы бейнебақылау камераларынан бөлек, көпқабатты үйлер мен адам аз жүретін аумақтарға жаяу патрульдік топтар жіберіледі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ұлттық тұтастықты сақтау, дәстүрімізді құрметтеу, рухани және адами құндылықтарды насихаттау деген сөз. Қазақ халқы үшін ел тыныштығы – ең асыл құндылық. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген аталы сөздің мәні ешқашан жоғалмақ емес. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қауіп – тек сыртқы факторлардан емес, ішкі тәртіптің, адамгершілік пен жауапкершіліктің әлсіреуінен туындайды. Сондықтан әр азамат өз ісіне, отбасына, ортасына жауапты екенін түсінуі қажет.

Полиция подполковнигі айтуынша, бүгінгі күні отбасылар арасындағы келіспеушіліктер мен ажырасулардың бір себебі – құмар ойындарына тәуелділік. Бұл мәселеге қарсы тұру үшін тек жазалау емес, алдын алу, үгіт-насихат және қоғамдық қолдауға негізделген жүйелі жұмыс қажет. Сала мамандары бұл бағытта тәулік бойы жұмыстар жүргізіп келеді.

Кентау қаласындағы қауіпсіздікке бағытталған шаралар – тек қылмыстың алдын алу емес, ел ішіндегі тыныштық пен рухани тұрақтылықты сақтауға бағытталған маңызды жұмыс. Бұл – болашақ ұрпаққа аманат болатын ұлттық қауіпсіздіктің іргетасы. Дініміз де, дәстүріміз де, ұлт болмысымыз да әрдайым тәртіп пен татулықты, мейірім мен сабырды ту етеді. Сондықтан қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамай, әрқайсымыз белсенді азаматтық ұстаным танытсақ, Кентау қылмысы аз, берекесі көп, бірлігі мығым қалаға айналатыны анық.

Previous Post

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты

Next Post

Түркістанда тігілген сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz