gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұрпағымыз адаспасын десек, дәстүрімізді ардақтап, бірлігімізді бекемдейік

13 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұрпағымыз адаспасын десек, дәстүрімізді ардақтап, бірлігімізді бекемдейік
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында дін мен дәстүр ешқашан бір-біріне қайшы келмей, керісінше, үйлесімді үндесіп, рухани тірегіне айналған. Бабаларымыз ұстанған ислам діні тек қана діни рәсімдермен шектелмей, адамгершілік, сыйластық, мейірімділік, бірлік сияқты құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізді.

Қазақстандық мұсылмандар діни басқармасының Кентау қалалық филиалы, «Рахим» мешітінің имамы Мақсұтхан Әуелханұлының сөзімен айтқанда, дін ешқашан алауыздыққа емес, әрдайым бірлікке шақырады. Алайда өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда өз ата-анасын намаз оқымағаны үшін «кәпір» деп айыптап жүрген жастарды кездестіру сирек емес жағдай. Тіпті, ата-анасының жаназасына бармай қою, олардың аманатына құрмет көрсетпеу сияқты қайғылы мысалдар да орын алуда.

Жақында Мақсұтхан Әуелханұлы «Дәстүр» студиясына берген сұхбатында мынандай бір оқиғаны айтты. Дінді жаңадан үйреніп келген жас жігіт отбасына имандылықты жеткізгісі келеді. Алайда сөзі өтпейді. Сол кезде ұстазы оған: «Дініңді айтпа, іспен көрсет», деп кеңес береді. Бала айтқанды бұлжытпай орындап, анасын сыйлап, қарындасына көмектесіп, мейірімділік танытқан соң ғана туыстары оның бойындағы өзгерісті көріп, діннің шынайы бет-бейнесін түсінеді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) да адамдарды бірінші кезекте мейірімділікке, бір Аллаға сенуге шақырған. Намазға, парыздарға кейін үйреткен.

Жастардың мешітке бет бұрып, рухани ізденіске түсуі – құптарлық іс. Алайда діннің тек сыртқы формасына ғана еліктеп, сақал мен балаққа, киім мен сыртқы бейнеге шектен тыс мән беру дұрыс түсінік емес екенін де айта кетейік. Намаз оқымаса адам кәпір, балағы ұзын болса дәреті қабыл емес деген сияқты тар түсініктер жастар арасында діннің шынайы бейнесін бұрмалап жіберуі мүмкін. Қаншама жастар теріс ағымдарға еріп, Сирия мен басқа елдерге кетіп қалды. Көпшілігі елге қайтып келгенде өкінгенін айтып, адасқанын мойындады.

Дінді дұрыс түсінбеудің, теріс ағымдарға ерудің негізгі себебі – діни сауатсыздық. Дін дегеніміз – араб халқының дәстүрі емес. Пайғамбарымыздың сүннеті киімнің түсі немесе үлгісінде емес, оның мақсатын ұғынуда. Кең әрі ыңғайлы киім кию – дене бітімді көрсетпеу сүннет, алайда оны жергілікті салт-дәстүрге бейімдеп ұстануға да болады. Араб елдеріндегі киімдер сол жақтың климатына, мәдениетіне ыңғайлы. Біз қазақпыз өзіміздің салтымызға, болмысымызға сай, бірақ шариғатқа қарсы келмейтін үлгіні таңдауға құқылымыз.

«Ислам – мейірім діні. Ата-бабаларымыз дінді қатігездікпен емес, даналықпен жеткізді. Баласына уағыз айтпаса да, «жаман болады» деген сөздермен жақсы мен жаманды ажыратуды үйретті. «Кешкісін судың басына барма, жаман болады», «күлді баспа, жаман болады» деген тыйым сөздердің артында терең діни және тәрбиелік мән жатыр. Бұдан дін мен дәстүрдің өзара үндестігінің жарқын бейнесін де көруге болады» дейді имам.

Қазақ халқы үшін тыныштық пен бірлік – баға жетпес құндылық. Пайғамбарымыздың хадисінде де: «Таңертең қара су ішсе де елі тыныш болса – үлкен бақыт» делінген. Біз бүгінгі бірлігіміздің, бейбіт күніміздің, ашық аспанымыздың қадірін білуіміз керек.

Дін – ділмен, дәстүрмен біте қайнасқанда ғана өміршең. Ел ішіндегі береке мен тұрақтылық – тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың діни және адами жауапкершілігімен тікелей байланысты. Ұрпағымыз адаспасын десек, дінімізді дұрыс түсінейік, дәстүрімізді ардақтайық, бірлігімізді бекемдейік.

 

Previous Post

2025 жылдың басынан бері 5 мыңнан астам адам өз еркімен қоныс аудару мүмкіндігін пайдаланды

Next Post

Түркістан облысында биыл 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелер жөндеуден өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz