gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады

21 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2027 жылға қарай халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады
Share on FacebookShare on Twitter
Соңғы үш жылда телекоммуникация саласына 1 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды. Бұл елдегі интернеттің орташа жылдамдығын 94 Мбит/с дейін арттыруға мүмкіндік берді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
«Саланы дамыту 2024–2027 жылдарға арналған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. 2027 жылдың соңына дейін халықтың 100%-ы интернетпен қамтылады. Интернет жылдамдығы 100 Мбит/с-тан асып, оптикалық байланыс желілері ауылдық елді мекендердің 90%-ына дейін тартылады», – деді Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Үкімет отырысында.
Вице-премьер 2026 жылдың соңына дейін тағы 3000-нан астам ауылды магистральды талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу көзделгенін атап өтті. Осылайша ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылады.
Осы жобаларды жүзеге асыру үшін 2027 жылдың соңына дейін жалпы көлемі 323 млрд теңгені құрайтын инвестиция қарастырылған. Шағын ауылдардың қалған 10%-ы спутниктік технологиялар арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мобильді желілермен қамту артады. Мәселен, 4G желісі барлық елді мекендердің 92%-ына дейін жетеді. Ал 5G желісі облыстық және республикалық маңызы бар 20 қалаға енгізіліп, қалалардың 60-75% аумағын қамтитын болады. 2027 жылдың соңына дейін 40 000 шақырым автожол бойы 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі.
Алаяқтықпен күресу шаралары да қабылдануда.
«Министрлік байланыс операторлары үшін жаңа талаптар енгізді. Оның ішінде абоненттерді биометриялық идентификациялау, фрод әрекеттерін заңсыз трафикке теңестіру, операторлардың антифрод жүйелері мен Ұлттық банк арасындағы өзара әрекеттесу тәртібін нақтылау қарастырылған. Қабылданған шаралар 2024 жылдың басынан бері 30 млн-нан астам күдікті қоңырауларға тосқауыл қоюға мүмкіндік берді», — деп атап өтті вице-премьер.
Previous Post

Түркістанда Республика күніне орай ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді

Next Post

Қазақстанда 2025 жылдың аяғына дейін тағы 23 өрт сөндіру депосы салынады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz