gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда азаматтарды есірткі қылмыстарын әшкерелеуге көмектескені үшін ынталандыру жоспарда бар

22 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанда азаматтарды есірткі қылмыстарын әшкерелеуге көмектескені үшін ынталандыру жоспарда бар
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша кешенді жұмыс жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.
Спикердің хабарлауынша, Қазақстанда дропперлікке жауапкершілік енгізіліп, бақылаудағы заттардың тізімі үнемі жаңартылып, толықтырылады. Бас прокуратура және Ұлттық банкпен бірлесіп қылмыстық активтердің мемлекет кірісіне айналу тетіктері, сондай-ақ есірткі қылмыстарын әшкерелеуге көмектесетін азаматтарды ынталандыру жүйесі пысықталуда.
«Біз ведомствоаралық үйлестіруді арттырамыз, алдын алу жөніндегі кеңестердің жұмысын сүйемелдейміз және прекурсорлардың айналымын бақылау қағидаларын әзірледік», – деп атап өтті Қуандық Әлжанов.
Парламент Мәжілісіне «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң жобасы енгізілді. ІІМ уәкілетті орган болып қалады, бұл ретте жауапты ведомстволар айқындалған:
— нашақорлықтың алдын алу үшін – Денсаулық сақтау министрлігі;
— жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеу үшін – Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктері.
Есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленіп жатыр. Құжат жобасы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі жанындағы Жастар саясаты кеңесінің алаңында талқыланды. Қ. Әлжановтың айтуынша, бұл есірткі тұтынушылар мен құқық бұзушылардың едәуір бөлігін жастар құрайтынына байланысты.
«Біз жастарды жоспарды әзірлеуге белсенді қатыстырдық және олардың шығармашылық тәсілдерін ескеруге тырыстық», – деп атап өтті ІІМ өкілі.
Сонымен қатар ведомство әкімдердің есірткіге қарсы жұмысы бойынша рейтинг әзірледі. Ол пилоттық жоба ретінде Шығыс Қазақстан облысында жүзеге асырылды. Алдағы уақытта жобаны ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бүкіл ел бойынша масштабтау жоспарлануда. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан ТМД елдерімен өзара іс-қимылды күшейтеді.
Previous Post

Президент Қазақстан үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы керек деген мақсат қойды: Үкіметте жобаларды жүзеге асыру барысы қаралды

Next Post

Бокстан өткен Қазақстан чемпионатында Түркістан облысынан кімдер көшбасшы атанды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz