gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысының ардагерлері жолдаудағы міндеттерді саралады

23 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының ардагерлері жолдаудағы міндеттерді саралады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістан  облыстық ардагерлер  кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Темірбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, жастар тәрбиесі және  өңірге инвестиция тарту, партиялардың рөлін арттыру, алдағы  Парламент сайлауына дайындық барысы, сондай-ақ  «Заң және тәртіп» қағидасы бойынша кеңінен тоқталды.

Пленумға облыстық басқармаларының басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары да қатысты.

Облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов өңірдің өркендетудегі басты бағыттардың бірі инвестиция тарту және бұл бағытта қазыналы қариялардың атқаратын рөлі маңызды екенін атап өтті.

— Түркістан облысы инвестиция тарту бойынша Республикада көш бастап тұр. Бұл өңірді дамытуға мол серпін береді. Жұмыс орындары көбейеді, халықтың әлеуеті артады. Алайда шет елдік және отандық кәсіпкерлерге деген көзқарасты оңынан қалыптастыру маңызды шаруалардың бірі. Бұл бағытта қариялардың, ардагерлердің көпшілік ортада ақыл-кеңесі дұрыс болып, елдік пен бірлікке жол сілтесе, Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен Жолдаудағы міндеттерін насихаттауға қосқан мол үлесі деп білемін. “Қариясы бар елдің қазынасы бар” дегендей жалпы еліміздегі игі істерді дәріптеп, келешек ұрпаққа үлгі болатын ардегерлер әрқашан  құрметке лайықты, — деді Нұралы Әлмаханұлы.

Пленум барысында өзге де баяндамашылар сөз сөйлеп, Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді. Маңызды басқосу соңында ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.

 

Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

Нұралхан Көшеров: Түркістан өндірісі дамыған өңірлер қатарынан табылады

Next Post

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz