gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 1,7 миллион адам мәмс жүйесі арқылы сақтандырылған

30 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 1,7 миллион адам мәмс жүйесі арқылы сақтандырылған
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, медицина саласын жаңғырту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағытында Түркістан облысында бірқатар оң өзгерістер жүзеге асып келеді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Бағлан Базарбекұлы мәлімдеді.

«2020 жылдан бастап облыста медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2,9 есеге өсіп, 239,8 млрд теңгеге жетті. Қор филиалы 2025 жылдың 9 айында тұрғындарға көрсетілген медициналық қызметтер үшін 126,1 млрд теңге төледі. Оның ішінде 1 723 кардиохирургиялық, 640 нейрохирургиялық және 9 бүйрек алмастыру отасы жасалды. Облыстағы 185 медициналық ұйымның бәрі бірыңғай ақпараттық жүйеге қосылған. Бұл цифрлық интеграция — дәрігер қабылдауына жазылуды жеңілдетіп, кезек күту уақытын екі есеге қысқартты. Сондай-ақ, 13 жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарды аралап, профилактикалық тексерулер мен зертханалық қызметтер көрсетеді. Бұдан бөлек, 224 213 адам созылмалы аурулар бойынша тұрақты бақылауда. Ал, 10 450 адам инфаркт пен инсульттан кейін МӘМС есебінен тегін ем алған. Облыстағы тұрғындардың 85,7%-ы, яғни 1,7 млн адам сақтандырылған. 2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті бюджет есебінен төлейтін болады. Бұл шара қосымша 1 миллионнан астам адамды қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін де жарналар төленеді. Бұл қадам өңірлердің жұмыспен қамту және әлеуметтік әл-ауқатты арттыру бағытындағы жауапкершілігін күшейтеді»-деді спикер.

Previous Post

Түркістан облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ауқымды шаралар қолға алынуда

Next Post

Түркістанда Кәсіпкерлер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz