gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 1 жастағы бала болт жұтып қойды

31 октября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 1 жастағы бала болт жұтып қойды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері болт жұтып қойған 1 жастағы баланың өмірін аман алып қалды. Нәрестенің көмейінде тұрып қалған бөгде затты алу үшін шұғыл хирургиялық көмек көрсетілді.
2025 жылдың 27 қазанында ауруханаға 1 жастағы баланы анасы ауыр жағдайда жеткізді. Науқасқа дереу қажетті жедел медициналық көмек көрсетіліп, тікелей ларингоскопия әдісі арқылы көмейінен ұзындығы 4 сантиметр болт шығарылды. Дәрігерлер көмейде тұрып қалған бөгде затты сәбидің денесін тіліп ашпай, ларингоскопиялық әдіспен алып шыққан. Бұл күрделі әрі аса дәлдікті қажет ететін процедураны жас реаниматолог Ержан Махамбетұлы сәтті орындады.
Қазіргі таңда баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол дәрігерлердің бақылауында. Бала анасымен бірге хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Дәрігерлер ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруге және кез келген шағым немесе тыныс алу қиындығы байқалған жағдайда бірден дәрігерге жүгінуге шақырады.
Previous Post

Түркістанда республикалық V «Түркістан дауысы» эстрадалық әншілер байқауы басталды

Next Post

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz