gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында сұйытылған мұнай газының жеткізілуі тұрақты бақылауда

4 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында сұйытылған мұнай газының жеткізілуі тұрақты бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter
Сұйытылған мұнай газы еліміз бойынша ҚР Энергетика министрлігі тарапынан белгіленген көлемде бөлінеді. Түркістан облысында бүгінде сұйытылған мұнай газын тарату және сату ісімен 50-ге жуық кәсіпкерлік субъектісі айналысады. Белгіленген баға шегінде 1 литр газдың құны 102–107 теңге аралығында сақталуда.
Атырау мұнай өңдеу зауытының биылғы қазан айындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде сұйытылған газ тапшылығы байқалды. Бұл – өндіріс процесіне қажетті техникалық шараларға байланысты уақытша ғана орын алған жағдай. Қазіргі таңда зауыттағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр және қараша айының алғашқы онкүндігінде толық аяқталады деп жоспарлануда. Осыдан кейін барлық өңірлерде сұйытылған газдың жеткізілу көлемі мен тұрақтылығы қалпына келтіріледі.
Осы жылдың қараша айына Түркістан облысына барлығы 11 880 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген.
Оның ішінде:
• ПКОП (Павлодар мұнай-химия зауыты) – 9 180 тонна,
• СНПС-Ақтөбемұнайгаз – 2 700 тонна.
Бүгінгі таңда облысқа сұйытылған мұнай газын жеткізу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда. 1–3 қараша аралығында өңірге 32 вагон немесе 1 085,65 тонна газ жөнелтілді. Қалған көлемдер бекітілген кестеге сәйкес айдың соңына дейін толық жеткізілетін болады.
Облыс және аудан, қала әкімдіктері тарапынан сұйытылған мұнай газының бөлінуі, жеткізілуі және сатылу бағасы қатаң бақылауға алынған. Тұтынушыларға қолжетімді бағаны сақтау, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықтың қажеттілігін өтеу бағытындағы жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді.
Жалпы алғанда, қалыптасқан жағдай уақытша сипаттағы, жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты орын алған мәселе. Энергетика министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және газ таратушы кәсіпорындар бірлесе отырып, жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шараларды іске асыруда.
Алдағы күндері Түркістан облысы тұрғындарына сұйытылған мұнай газының жеткізілімі толық қалыпқа келіп, тұрақты және үздіксіз қамтамасыз етіледі.
Previous Post

Түркістан облысында 10 айда 66 спорт нысаны пайдалануға берілді

Next Post

Түркістан облысында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz