Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарашық ауылындағы Қарашық каналына белгісіз жағдайда екі адам мінген жеңіл көлік суға түсіп кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі мәлімдеді. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында құтқару арқанының көмегімен адамдар қауіпсіз жерге шығарылды.
Сонымен қатар, арнайы авариялық-құтқару көлігінің көмегімен автокөлік те судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.



