gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Полиция «Қарасора-2025» іс-шарасының қорытындысымен 900 келіге жуық есірткі тәркіледі

7 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Полиция «Қарасора-2025» іс-шарасының қорытындысымен 900 келіге жуық есірткі тәркіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев брифинг барысында «Қарасора-2025» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады.
А.Бейсенбаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығында өткен іс-шара кезінде облыс аумағында 238 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде:
• есірткі сату – 23 дерек,
• аса ірі көлемде сақтау – 9 дерек,
• есірткі фитозертханасының жұмысы – 2 дерек,
• есірткіні жарнамалау – 1 дерек.
Нәтижесінде 871 келіден астам түрлі есірткі заты заңсыз айналымнан алынды.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егудің 62 дерегін анықтап, жолын кесті. Есірткімен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 2 дерек тіркеліп, облыстың 4 азаматы қамауға алынды.
Есірткі тасымалдау арналарына тосқауыл қою мақсатында Қызылорда облысымен шекаралас аумақта «Сауран», ал Жамбыл облысымен шекарада «Шақпақ баба» шеп бекеттері ұйымдастырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 13 есірткі тасымалдаушы ұсталып, 40 келіден астам есірткі тәркіленді.
Тікұшақпен жүргізілген барлау нәтижесінде 3 есірткі алқабы табылды. Ал Созақ ауданының таулы аймағында есірткі егудің ірі плантациясы анықталып, 3181 түп есірткі өсімдігі мен қару тәркіленді.
Жалпы іс-шара барысында есірткі қылмыстарын жасағаны үшін 86 тұлға қамауға алынды.
Брифинг соңында полиция басшысы Арман Бейсенбаев:
«Есірткі бизнесімен айналысқандар заң алдында қатаң жауапкершілікке тартылады. Мұндай қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деп атап өтті.
Previous Post

Түркістан облысында сұйытылған газ нарығындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылдануда

Next Post

TikTok-та жыл сайынғы #Қазақстанмұғалімдері байқауы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz