gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Премьер-министр бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауды тапсырды

12 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Премьер-министр бөлшек саудадағы дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шараларын қабылдауды тапсырды
Share on FacebookShare on Twitter
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Бұл тақырыпта Денсаулық сақтау министрлігі мен «СК-Фармация» компаниясының басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мемлекет басшысының бағаны қалыптастыру тетігін реформалау бойынша берген тапсырмасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі жүйелі жұмыстар жүргізді. Оның нәтижесінде генерик препараттардың шекті бағасы түпнұсқалық дәрілердің құнынан 30%-ға төмендетілді. Реформа аясында баға құрау тізбегінен маркетингтік және көлік шығындары алынып тасталды. Ведомство мамандары 100-ден аса елдің өзекті бағалары бар халықаралық дерекқорға қол жеткізді. Жаңа баға қалыптастыру механизмі негізінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі мен МӘМС шеңберінде дәрілік заттардың 2,9 мың сауда атауы, бөлшек және көтерме сауда үшін 4,9 мың атауы бойынша бағалар қайта қаралды.
Дәрілік заттар нарығының барлық қатысушылары таңбалау жүйесіне қосылған. Бұл қадағалау мен реттеу тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Саланы цифрландыру және ЖИ енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Медициналық ақпараттық жүйелерде электрондық рецепт жазу мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйелерін біріктіру нәтижесінде рецепт рәсімдеу уақыты 2 есе қысқарды. Сонымен қатар «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында цифрлық тетіктерді пайдалана отырып, 708 медициналық ұйымда 10 млн-нан астам электрондық рецепт жазып берілді.
Previous Post

Қазақстандық мектептерде ашылған бейіндік сыныптарда 31 мыңнан астам оқушы кәсіби дағдыларды меңгереді

Next Post

Түркістанда жарнамалық нысандар бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес жаңартылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz