gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда 5 мың орындық мешіт жыл соңында ашылады

13 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда 5 мың орындық мешіт жыл соңында ашылады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі таңда мешіттің қасбеті, мұнарасы, электрмен және сумен жабдықтау, терезе орнату жұмыстары толық аяқталған. Сонымен қатар ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нысан басында 30-дан астам адам мен 9 техника жұмылдырылған. Заман талабына сай салынып жатқан мешіттің құрылыс алаңына облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, жауапты басшылармен кездесті. Ол жұмысты сапалы және уақтылы аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысы осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған. Шығыстық нақыштағы еңселі мешітте 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Жоба құны – 32 млрд. теңге. Жер аумағы 7,7 гектарды құрайтын мешіттің іргетасы 2019 жылы құйылған. Ислам орталығының жалпы аумағы – 4650 шаршы метр. Биіктігі 61 метрлік мұнаралармен көмкерілген мешіт қазіргі заман талабына сай озық үлгіде салынуда. Құрылыс жұмыстарын «МонтажСтройКом Экстра» ЖШС мердігер мекемесі атқарып жатыр. Қазіргі уақытта сыртқы қасбет пен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Абаттандыру аумағы – 4,2 гектар, бұл бағыттағы жұмыстар 85 пайызға аяқталған.
Previous Post

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрғындардың мәселесін тыңдады

Next Post

Кентауда «Ел қорғаны – қуатты әскер» тақырыбында келелі кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz