gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда атыс болып, полиция қызметкері жараланды

18 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда атыс болып, полиция қызметкері жараланды
Share on FacebookShare on Twitter
Мақтаарал ауданында атыс болды. Жергілікті тұрғынның бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарған.
— Полиция келген уақытта мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылды. Заңсыз әрекеттер мен басқаларға қауіп төндірмеу үшін аумақ толығымен қоршауға алынды.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талаптарына қарамастан, ер азамат бағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырды, — делінген Түркістан облысы полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Шабуылға тойтарыс беру және өмірге қауіп төндіретін әрекеттердің жолын кесу үшін полицейлер ауаға ескерту оқтарын атқан. Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылған. Құқық бұзушы алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
— Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. Тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Previous Post

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Next Post

Учаскелік инспектор - қоғамдық қауіпсіздіктің негізгі тірегі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz