gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда руханият саласының мәселелері талқыланған келелі кездесу өтті

21 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда руханият саласының мәселелері талқыланған келелі кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Qazaqstan dauiri» газеті мен республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас редакторы Сәуле Мешітбаева «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» республикалық экспедициясы аясында Түркістан облысына келген еді.
Іссапардың мақсаты – Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы аясында жаңа идеялогиялық ұстанымдарды ілгерілетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен өткен кездесуге тиісті басқарманың басшылары, ішкі істер органдарының өкілдері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық байланыс арқылы қатысып, пікір алмасты. Кездесу барысында ауылдың интеллектуалды әлеуетін күшейту, газет-журналдардың ағарту мен білім беру ісіндегі маңызы, жастар тәрбиесі, руханият пен мәдениетті өркендету белестері сараланды.
Басқосуда Сәуле Мешітбайқызы экспедицияның мақсатына тоқталып, басылымдардың халықтың рухани кемелденуіндегі рөлі мен бүгінгі қоғамдағы маңыздылығын атап өтті. Әсіресе, қазақ қоғамының руханияты, ел бірілігін сақтау, ұлттық құндылықтар, қоғамдық сананың жаңғыруы, отбасы құндылықтары мен тіл мәселесі секілді маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға «Qazaqstan dauiri» газетінің стратегиялық миссиясы туралы мағлұмат беріліп, жаңа жобалар таныстырылып, оның зияткерлік-ағартушылық міндеттері баяндалды.
Тағылымды кездесуде қатысушылар келелі мәселелерді көтеріп, сүбелі ойларды ортаға салды.
Сапар аясында Сәуле Мешітбайқызы Сайрам, Бәйдібек, Созақ аудандарында болып, ауылдың рухани әлеуетін көтеру, жастардың дүниетанымын кеңейту, қоғамның өзгеріске дайындығын ілгерілету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен кездесті.
Previous Post

Тұрғындар өтініші - басты назарда

Next Post

Нұралхан Көшеров Түркияның ұлттық мәжіліс депутатымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz