gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта миына қан құйылған 3 айлық сәбиге ота жасалды

26 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағашта миына қан құйылған 3 айлық сәбиге ота жасалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері медавиация желісі арқылы Сарыағаш ауданына барып, миына қан құйылған 3 айлық сәбиге шұғыл түрде мамандандырылған  көмек көрсетті.

Аудандық орталық ауруханада нәрестеге шұғыл түрде магнитті-резонансты томография (МРТ) жасалып, зерттеу нәтижесінде ми ішіне қан құйылғаны анықталды. Дәрігерлер консилиумы жедел түрде ота жасау туралы шешім қабылдады.

Нейрохирургтар жүргізген ми қуысына сыртқы дренаж орнату операциясы сәтті өтті. Ота барысында трепанация жасалып, арнайы түтікше арқылы 3–4 мл көлеміндегі қан жиналған аймақ толық тазартылды.

Бір аптадан кейін нәресте Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, қажет бақылау мен емді алып жатыр.

Мамандардың айтуынша, дер кезінде хирургиялық көмек көрсетілмеген жағдайда баланың жағдайы миішілік гидроцефалияға, қанның іріңдеп асқынуына және басқа да ауыр салдарға әкелуі мүмкін еді.

Алдағы уақытта сәбиге компьютерлік томография (КТ) түсіріліп, жағдайына қарай түтікшені алып тастау немесе қосымша ота жасау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Дәрігерлердің жедел әрекеті мен кәсіби біліктілігінің арқасында 3 айлық нәрестенің өмірі аман сақталды.

Previous Post

Түркістан облысында ирригациялық каналдарды кешенді тазарту басталды

Next Post

Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысы бар 4 мыңнан астам контент бұғатталған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz