Алматы қаласында 26 қараша күні «Disney» студиясының «Аңдар шаһары 2» анимациялық фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер көрсетілімі өтті. Оған елімізге танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен депутаттар, дубляж актерлары мен блогерлер, БАҚ өкілдері қатысты. Фильм елімізде 27 қарашадан бастап қазақ және орыс тілдерінде үлкен экрандардан көрсетіледі.
Бұл аталған студияның қазақ тілінде дыбысталған төртінші фильмі. «Disney» студиясы жыл сайын әр фильмнің түрлі тілдердегі 40-ға жуық нұсқасын дайындайды. «Қазақ тілі» қоғамының ұйытқы болуымен былтырдан бастап ірі халықаралық студиялар әлемдік премьераларын қазақ тілінде ұсына бастады. Осы бастама аясында «Disney» студиясы 2024 жылы «Ойжұмбақ 2», «Моана 2», «Муфаса. Арыстан патша» деп аталатын үш фильмін қазақ тіліне аударып, дубляж жұмыстарын қаржыландырды. Биыл «Ақшақар», «Лило мен Стич», «Элио» туындысы ұсынылды. Шараға дубляж актерларының толық құрамы мен танымал тұлғалар келді. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы көрермендерді әлемдік премьераларды қазақ тілінде көруге шақырады.



