gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды

9 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысына 10 айда 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылып, жаңа зауыттар ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.
– Жалпы облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұл – сыртқы экономикалық байланысты дамытудың нәтижесі. Әрбір инвестор үшін арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарда дайын алаңшалар жоспарланған. Мемлекет тарапынан қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер қарастырылған, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Инвестициялық әлеует зерделеніп, облыс экономикасының дамуына тың серпін беретін, жалпы құны 2,6 трлн. теңге болатын 111 инвестициялық жоба пулы әзірленген. Энергетика және ауыл шаруашылығын терең қайта өңдеу негізгі басымдықтар болып айқындалды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 24 мыңдай жұмыс орны ашылып, бюджетке қосымша 100 млрд. теңге салық түседі.
Биыл 340 млрд.теңгеге 58 жобаны іске асырып, 8 220 жұмыс орнын ашу жоспарланған. 10 айда 41 жоба (180 млрд.тг) іске қосылып, 5 322 жұмыс орны ашылды.
Аталған бағытта атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 10 айда өңір экономикасына 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылып, өсім 124,2 пайызды құрады. Шетелдік инвесторлармен келіссөздер тұрақты түрде жүргізіліп, жаңа жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Previous Post

Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаюда

Next Post

Кентаулық көпбалалы аналарға төсбелгілер табысталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz