gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда Ясауидің “Диуани хикмет” кітабының көне қолжазбасы табылды

12 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда Ясауидің “Диуани хикмет” кітабының көне қолжазбасы табылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы Сауран өңірінде Ясауидің 2 ғасыр бұрын жазылған хикмет топтамасы табылды. Ғалымдардың айтуынша, қолжазба 1834 жылы жазылған. Қазіргі таңда бұл хикмет жинақтың еліміздегі ең көне қолжазбасы болып тұр. Құнды жәдігер “Әзірет Сұлтан” Ұлттық тарихи-мәдени музейіне тапсырылды. Бұл жайында “Ясауитану” ғылыми орталығының басшысы Сайпулла Моллақанағатұлы брифингте мәлімдеді.
“Аталған қолжазбаға саурандық Еркін Сапаровтың бастамасымен қол жеткіздік. Бірнеше көне кітаптар Еркін ақсақалдың туысы Алимжан Рамазанұлының шаңырағында бабалардан мұра болып сақталып келген. Нәтижесінде жалпы саны 17 қолжазба мен сирек кітаптар алдық. Солардың ішінде бір қолжазбаның Қожа Ахмет Ясауидің хикметтер жинағы екендігі анықталып отыр. Кітаптың қағазы қалың әрі мұқабасында таңбасы бар. Қолжазба араб-парсы тілдерінде шағатай дәстүріне сай жазылған. Жалпы саны 120 хикметтен тұратын қолжазбаның 39-ы бұрын-соңды кездеспеген» — деді спикер.
Жалпы, “Ясауитану” ғылыми орталығы 2025 жылы Ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен “Әзірет Сұлтан” ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының базасында құрылған. Брифингке қатысқан Ясауитану ғылыми орталығының жауапты хатшысы Гаухар Пірімқұлованың айтуынша, бүгінде Қожа Ахмет Ясауи зерттеулеріне байланысты орталықта 25 кітап, 30 Диуани Хикмет өзге де ғылыми дүниелер бар.
Previous Post

М-32 «Самара – Шымкент» автожолындағы бұрылыс алаңы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді

Next Post

Түркістанда жылына 10 млн метр джинсы матасын өндіретін зауыттың капсуласы салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz