Астана қаласында Энергетиктер күніне орай салтанатты жиын өтті. ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенжиновтің қатысуымен өткен іс-шара барысында министр энергетика саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еліміздің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар мамандарға Мемлекет басшысының атынан жоғары мемлекеттік марапаттарды табыс етті.
Соның ішінде, «Кентау Сервис» МКК техникалық директоры Кулжанисов Бахытжан Абельдаевич «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапаттар еліміздің энергетика саласындағы кәсіби шеберлікті, еңбекті бағалаудың айқын көрінісі болып табылады.



