gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде

9 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. 2025 жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық жұмыстары апта сайын ұйымдастырылып, жоспарға сай толық орындалды. Жыл басынан бері қалада 40 рет тазалық шаралары өтті.
Қала тазалығын қамтамасыз ету жұмыстарын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС атқарып келеді. Қазіргі таңда мекемеде 505 қызметкер еңбек етеді. Күн сайын әр жұмысшы өзіне бекітілген аумақта аулалар мен көшелерді тазалап, қоқыс жинаумен айналысады. Әр аумаққа жауапты бригадирлер бекітілген.
Жалпы қала аумағында 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше – күнделікті, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына бір рет санитарлық тазалау жұмыстарымен қамтылып отыр. Ай сайын шамамен 2200 тонна тұрмыстық қатты қалдық арнайы полигонға шығарылады.
Қоқыс жинау жүйесін жақсарту мақсатында қала аумағында 500-ден астам жаңа қоқыс жәшігі орнатылды. Сонымен қатар жарамсыз күйге түскен қоқыс жәшіктері жөнделіп, бұрын контейнер қойылмаған аумақтарға ауыстырылды.
Қазіргі таңда Түркістан қаласында 1262 қоқыс алаңшасы мен 2719 қоқыс контейнері бар. Қалдықтарды уақытылы шығару үшін 34 арнайы техника жұмылдырылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды үш мекеме атқарады. Көгалдандыру жұмыстарымен екі мекеме айналысады. Тазалық және көгалдандыру жұмыстары бойынша жеті кәсіпкермен келісімшарт жасалған.
Previous Post

Сенат депутаттары Ордабасы ауданының өндіріс орындарының жұмысымен танысты

Next Post

Түркістан облысында 469 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz