gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай ауданында ағын су арналарының жай-күйі бақылауда

17 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісай ауданында ағын су арналарының жай-күйі бақылауда
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды мәселелердің бірі – ағын су арналарының қазіргі жағдайы мен олардың тиімділігін тұрақты бақылау. Осы мақсатта аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жауапты сала басшыларымен бірге су өткізу қабілетін арттыру және егістік алқаптарын сумен толық қамтамасыз ету үшін тазарту жұмыстары жүргізілген каналдарды аралап, орындалған жұмыстардың сапасын зерделеді.

Механикалық тазалау барысында канал табандарында жиналған лай-қоқыстар, шөгінділер мен бөгеттер алынып, ағын судың еркін өтуіне жағдай жасалды. Бұл өз кезегінде вегетациялық кезеңде егістік алқаптарға судың уақытылы жетуіне үлкен мүмкіндік береді. Аудан басшысы көршілес Өзбекстан Республикасынан келіп жатқан ағын судың көлемін де қарап шықты. Мамандардың мәліметінше, қазіргі уақытта су қалыпты деңгейде және вегетациялық кезеңде ресурстарды тиімді пайдалану мен қатаң бақылау қажет екені атап өтілді.

Серік Үсенұлы су тапшылығының алдын алу, ысырапшылдыққа жол бермеу және шаруалардың су сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында нақты тапсырмалар берді. Олардың арасында каналдарды жүйелі түрде тазалау, гидротехникалық нысандардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау, су бөлу кестесін ұйымдастыру сынды шаралар бар. Сонымен қатар, аудан басшысы су шаруашылығы саласында заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу, шаруалармен түсіндіру жұмыстарын күшейту және стратегиялық маңызы бар ресурсты ұқыпты әрі жауапкершілікпен пайдалану мәселелерін де ерекше атап өтті.

Жалпы, Жетісай ауданында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңызды екеніне тағы бір рет көз жеткізуге болады. Қорыта айтқанда, аудан басшылығының күнделікті бақылауы ағын су арналарының жұмысын тұрақты етуге, егістік алқаптардың суармасын қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға бағытталған. Алдағы уақытта да каналдарды тазалау, гидротехникалық нысандардың жағдайын тұрақты тексеру және заманауи технологияларды қолдану жұмыстары үздіксіз жүргізілетін болады.

Previous Post

Түркістанда ислам институты ашылды

Next Post

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz