gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста су инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізілуде

21 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста су инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүйелі жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс аумағында 552 мың гектар суармалы жер бар. Бұл – республикадағы суармалы егістік көлемінің төрттен бір бөлігі. Өңір экономикасының негізгі тірегі саналатын ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы тікелей су ресурстарына байланысты. Осыған орай су нысандарының инфрақұрылымын дамыту, оларды жөндеу және тазалау мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

Соңғы жылдары климаттық өзгерістерге байланысты су тапшылығы мәселесі күрделене түсті. Мұндай жағдайда су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, каналдар мен су нысандарын уақтылы жөндеп, тазалау аса маңызды. Бұл – егін шаруашылығымен айналысатын өңірлер үшін өмірлік маңызы бар міндет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді пайдалануды елдің ұлттық қауіпсіздігімен тікелей байланысты мәселе ретінде атап өткен болатын. «Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда, ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында», – дейді  Президент.

Соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынды. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, су нысандарын салу мен қайта қалпына келтіруге қомақты қаржы бөлінуде. Сонымен қатар, шетелдік инвестициялар тартылып, бүгінде салада 30 мыңға жуық адам еңбек етіп, елді мекендер мен егіс алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отыр.

Осы тұрғыдан алғанда, жергілікті халықтың негізгі күнкөріс көзі ауыл шаруашылығы болып саналатын Түлкібас ауданында ағын су мәселесі әрдайым өзектілігін жоғалтпай келеді. Бүгінде аудандағы 111 канал «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының аудандық өндірістік бөлімшесінің теңгерімінде. Аталған су нысандарының негізгі 13 каналына өткен жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда оның 92 пайызы толық аяқталған. Қалған жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айынан басталып, көктемгі суару маусымына дейін тәмамдалады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, биылғы жылы 59 су нысанына су өлшеу бекеттерін орнату, аудан шаруаларының өтінішіне сәйкес 16 каналдың 61,6 шақырымына механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Бұл шаралар суды әділ әрі тиімді бөлуге, шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған мәселелер аудан әкімі Асқар Естібаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында кеңінен талқыланды. Жиында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы аудандық өндірістік бөлімшесінің аға инженері Қуандық Өміралиев баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Басқосуда бұдан бөлек жер қатынастары саласындағы атқарылған жұмыстар, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және қоқыс полигондарының қазіргі жағдайы да назардан тыс қалмады.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ағын сумен қамту мәселесі аудан халқы мен шаруалар үшін аса маңызды әрі күн тәртібінен ешқашан түспейтін мәселе екенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты мекеме өкілдеріне тұрғындардан есептік кездесулер мен жеке қабылдауларда түскен өтініш-тілектерді дер кезінде орындап, су нысандарындағы кемшіліктерді жоюды, суды уақытылы жеткізуді қатаң ескертті.

Сондай-ақ, қазіргі таңда 13 каналға құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекемелердің жұмысына аудан тұрғындарының көңілі толмай отырғанын жеткізіп, аталған жұмыстарды барынша жандандыруды, сапасын арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, құрылыс аяқталған соң белгіленген талапқа сай құрылыс қалдықтарын тазалап, жер бедерін қалпына келтіру қажеттігін ескертті. Осы мәселелер бойынша тиісті облыстық мекемелерге ресми хат жолдау тапсырылды.

Су – ауыл шаруашылығының ғана емес, тұтас өңірдің тұрақты дамуының кепілі. Сондықтан Түлкібас ауданында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тұрғындар мен шаруалардың сұранысына сай шешімін тауып келеді.

Previous Post

Түркістан облысында бидай өңдейтін заманауи зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды

Next Post

Су қауіпсіздігі – Түркістан өңірінің басты басымдығы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz