gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өңірлер 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Өңірлер 2026 жылы әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады
Share on FacebookShare on Twitter
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен көктемгі егіс жұмыстарын даярлау және өткізу жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, 2026 жылы өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністердің, ең алдымен картоп пен сәбіздің егіс алқаптарын ұлғайтуы қажет.
Оның айтуынша, өткен жылы картоп егісін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізіліп, ұйымдасқан шаруашылықтардағы егіс көлемі 12,5 мың гектарға ұлғайған.
«Өнім көлемі нарықтағы баға тұрақтылығына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты өңірлер түпкілікті егіс құрылымын бекіту кезінде сәбіз егісін ұлғайту міндетін ескеруі қажет», – деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ болжамды егіс құрылымында қарақұмық егіс алқаптарын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген. 2026 жылы оның егісін 10 мың гектарға – 101 мың гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр (2025 жылы – 91 мың гектар). Өңірлерге белгіленген индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Жүгері егісін кеңейтуге де ерекше назар аударылды. Алаңдардың айтарлықтай ұлғаюы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша Fufeng Group компаниясының жаңа тік интеграцияланған өнеркәсіптік паркін, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Қазкрахмал» ЖШС-нің крахмалды сірне өндіру зауытын шикізатпен қамтамасыз ету үшін қажет.
Жаңа өндірістердің қажеттілігін тек оңтүстік өңірлер есебінен қамтамасыз ету мүмкін еместігі атап өтілді. Осыған байланысты үш солтүстік астық егетін өңірде жүгері егіс алқаптарын әрқайсысында орта есеппен 15 мың гектарға ұлғайту міндеті қойылды.
Previous Post

Қазақстанда туризмге салынған инвестиция көлемі 32%-ға өсіп, 1,2 трлн теңгеден асты

Next Post

Түркістан облысында санитарлық талапты бұзған мектеп асханаларына 7,3 млн теңге айыппұл салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz