gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жандос Тасов: «Қаладағы барлық кәсіпорындарға бітіруші колледж студенттерін жұмысқа тарту қажет»

28 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жандос Тасов: «Қаладағы барлық кәсіпорындарға бітіруші колледж студенттерін жұмысқа тарту қажет»
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы «№7 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына барып, оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Қала әкімі оқу ғимараттарын аралап, материалдық-техникалық базасының жай-күйін көрді.
Колледж директоры Талғат Тауасаров оқу орнында жүргізіліп жатқан жұмыстар, білім беру үдерісі және маман даярлау бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берді. Аталған оқу орнында кәсіптік білім беру барысында теориялық білім мен өндірістік тәжірибе қатар жүргізіліп, студенттердің еңбекке бейімделуіне басымдық берілуде.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәсіптік білімді дамыту – ел болашағы үшін маңызды бағыттардың бірі екенін атап өткен болатын. Осыған орай, қала әкімі колледж түлектерін жұмыспен қамту мәселесіне ерекше тоқталып, қала аумағындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелерге бітіруші колледж студенттерін жұмысқа тарту қажеттігін баса айтты. Бұл бағытта оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты күшейту керектігін жеткізді.
Бүгінде №7 колледжде 9 мамандық бойынша білікті кадрлар даярлануда. Аталған оқу орны 1976 жылы Кентау экскаватор зауытының базасында №207 қалалық кәсіптік-техникалық училище ретінде ашылған. Кейінгі жылдары атауы бірнеше рет өзгеріп, 2012 жылдан бастап «№7 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Қала әкімі кәсіптік білім беру сапасын арттыру, түлектерді жұмыспен қамту және өндіріс орындарымен байланысты нығайту бағытында нақты тапсырмалар берді.
Previous Post

Мақтааралдағы көпірге ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін арка орнатылды

Next Post

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz