gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты

28 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алу жүйесін жаңғырту міндетін қойды. Осы тапсырма шеңберінде 2025 жылғы қаңтардан бастап күшіне енген «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қабылданды. Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл қабылданған шаралар нарық қатысушылары үшін де, жалпы жүйе үшін де айтарлықтай нәтиже көрсете бастағанын айтты. Заң тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілер үшін ашық әрі бәсекеге қабілетті жағдай қалыптастыруға мүмкіндік беріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтты, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Оның айтуынша, реформаның басты нәтижесі сатып алу рәсімдерінің мерзімін түбегейлі қысқарту және артық бюрократиялық кедергілерді жою болды.
«Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа заң күшіне енді. Бұл заң сатып алу рәсімдерін жеделдету, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ сатып алу процестерін одан әрі автоматтандыру бағытында маңызды бетбұрыс болды», — деп атап өтті ол.
Реформаның басты элементі – рейтингтік-балдық жүйе қолданылатын конкурстық рәсім, онда шешімдер адам қатысуынсыз, автоматты түрде, ЖИ элементтерін пайдалану арқылы қабылданады.
«Қорытындылар бес күн ішінде шығарылады. Рейтингтік-балдық жүйенің негізгі критерийлері: жұмыс тәжірибесі, компанияның қаржылық тұрақтылық көрсеткіші, белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлікке тиесілігі және т.б. Салыстыру үшін айтсақ, бұл заң қабылданғанға дейін конкурстық рәсімдер кемінде 60 күнге созылса, рейтингтік-балдық жүйе енгізілгеннен кейін бұл рәсімдер орта есеппен 5 күнде аяқталады. Рейтингтік-балдық жүйе қолданылмаған жағдайда, әдеттегі конкурстар 10 жұмыс күніне дейін созылады», — деп атап өтті Дәурен Кеңбейіл.
Рейтингтік-балдық жүйені қолдану тәжірибесі өңірлік деңгейде өз нәтижесін көрсете бастады, мысалы:
Ақмола облысында 6 жұмыс күні ішінде құны 1,8 млрд теңге болатын спорт кешенінің құрылысына қатысты мемлекеттік сатып алу бойынша жеңімпаз анықталып, мердігер ретінде Көкшетау қаласындағы жергілікті «Строй БК» ЖШС танылды.
Ұлытау облысында 5 жұмыс күні ішінде құны 1,1 млрд теңге болатын жалпы білім беретін мектеп құрылысы бойынша конкурс жеңімпазы анықталып, мердігер болып Жезқазған қаласындағы өңірлік «Астана Премиум Строй» ЖШС белгіленді
Осылайша, вице-министр атап өткендей, жаңа заң бірқатар бюрократиялық рәсімдерді алып тастауға, сатып алуларды жеңілдетуге және мерзімдерді едәуір қысқартуға мүмкіндік берді.
Previous Post

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Next Post

Түркістан облысында ұлттық мәдени мұраларды сақтау және юнеско тізіміне енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz