Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ Кодексі.
- Акцизделетін тауарлардың тізбесі (536-бап.)
Акцизделетін тауарлардың тізбесіне келесі акцизделетін тауарлар қосылды:
— энергетикалық сусындар;
— сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер;
— сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын кемелер;
— сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген және одан көп мөлшерін құрайтын әуе кемелері.
- Акциздердің мөлшерлемелері (537-бап.)
Алкоголь өніміне, коньякқа, шарапқа, сыраға, темекіге және т.б. жыл сайынғы өсіммен акциз мөлшерлемесі 10%-ға ұлғайтылды.
Кесте №1
| 2204, 2205, 2206 00 жəне 2208-ден, | Құны кедендік құнынан 500,0 мың теңгеге асатын алкоголь өнімін импорттау (жеке тұтынудан басқа) | құнынан 10%, теңге/литр |
| 2402-ден | Құны кедендік құнынан 10,0 мың теңгеге асатын темекі бұйымдарын (сигараларды) импорттау (жеке тұтынудан басқа) | құнынан 10%, теңге/дана |
| 8703-тен | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер | сатып алынған көлік құралының құнынан 10%
|
| 8903-тен | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын кемелер | |
| 8802-ден | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын əуе кемелері | |
| 2202-ден | Энергетикалық сусындар: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 100 теңге/литр | |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 140 теңге/литр | |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 180 теңге/литр | |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 200 теңге/литр | |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 240 теңге/литр |
- Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы
2026 жылдан бастап Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме, бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде төленетін жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 618-бабына сәйкес, төлемақы алынып тасталды.
- МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ ТАҢБАЛАУҒА ЖАТАТЫН ТАУАРЛАРДЫҢ ТІЗБЕСІН АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушысының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 343-НҚ «Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы» бұйрығына 22.11.2025 жылғы № 330-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, сыра және сыра сусындарын міндетті таңбалаудың келесі мерзімдері белгіленгенін хабарлайды:
- 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап– кегтерде шығарылатын сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
- 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап – бөтелкедегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау;
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – банкілердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде таңбалау.
Сондай-ақ тіркеу, таңбалау кодтарын алу және техникалық қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасындағы тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторына 8 800 080 65 65 нөмірі арқылы жүгінуге болады (қоңырау тегін). Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде жұмыс істеуге, көрсетілген ақпаратты барлық мүдделі нарық қатысушыларының назарына жеткізу қажет.
- ЛИЦЕНЗИЯ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, ҚР ҚМ МКК-нің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық органдары, аумақтық Департаменттер алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату және алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып табылады.
Кентау қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы



