gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Серік Егізбаев Конституциялық реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді

29 января, 2026
in Қоғам
0
Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады
Share on FacebookShare on Twitter

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді.

Ең алдымен, депутаттың пікірінше, жаңа конституциялық редакцияға сәйкес, Құрылтайдың заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілгені – бұл заң шығару процесіндегі артық бюрократияны, палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды және халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.

«Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Бұл дегеніміз — Құрылтай жай ғана заң қабылдаушы мекеме емес, ол — халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, егемендігіміздің символына айналатын ең жоғары легитимді орган деген сөз. Билікке ешкімнің қол сұғуына жол бермейтін бұл конституциялық норма — мемлекеттілігіміздің мызғымас кепілі. Құрылтай заңның жобалануынан бастап оның қабылданып, күшіне енуіне дейін — басынан аяғына дейін толық жауапкершілікті өз мойнына алады», – деді ол.

Сонымен қатар, Серік Егізбаевтың пікірінше, партиялық тізім — кәсібилік пен саяси мәдениеттің кепілі.

«Стратегиялық маңызы бар тағы бір шешім — Құрылтайдың пропорционалды негізде, яғни партиялық тізімдер арқылы жасақталуы. Бұл — еліміздің саяси мәдениетін мүлдем жаңа биікке көтереді. Партиялық тізім – Құрылтайдың интеллектуалдық әлеуетін қамтамасыз ететін негізгі тетік. Бұл жүйе арқылы біз Парламентке қоғамның барлық тобын, әсіресе ауыл мамандарын, білімді жастар мен белсенді әйелдерді тартамыз», – деп айтты Мәжіліс депутаты.

Ал Халық Кеңесіне келгенде ол бұл органның құзыреті бұрынғы Қазақстан халқы Ассамблеясы ие болған мүмкіндіктерден әлдеқайда кең және пәрменді екенін жеткізді.

«Халық Кеңесінің функциялары енді уақытша ережелер немесе жарлықтар емес, Ата Заңның ажырамас бөлігіне айналды. Олар — мызғымас, ешкімнің еркімен өзгермейтін, конституциялық тұрғыдан қорғалған құқықтар. Бұл — Халық Кеңесінің мемлекеттік иерархиядағы орнын бекемдейді. Халық Кеңесі- Құрылтайға тікелей заң жобаларын енгізуге және ең маңызды мемлекеттік мәселелер бойынша референдум бастамасын көтеруге құқылы. «Ауыл» партиясы халық жүктеген осы тарихи реформаларды жүзеге асыру үшін өзінің барлық кәсіби әлеуетін жұмсауға дайын. Біз ауылдағы ағайынның сеніміне адал болып, ел үмітін іспен ақтауды басты борышымыз деп білеміз», – деп, ол өз сөзін қорытындылады.

Previous Post

Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы норма қосымша пысықталатын болады

Next Post

Түркістан облысында еліміздегі ең ірі өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz