gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда

10 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында 2025 жылы кезекте тұрған азаматтарға 2 317 пәтер пайдалануға берілді, оның ішінде 176 жалдамалы және 2 138 несиелік пәтер. Сонымен қатар, келесі жылдарға арналған қор ретінде 580 жалдамалы және 842 несиелік пәтер мемлекет меншігіне алынды. Бұл туралы Түркістан облыстық құрылыс басқармасының басшысы Абай Тұрханов БАҚ брифингінде мәлімдеді.

«2026 жылы өңірде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Жоспарға сәйкес, 8 тұрғын үйде 810 пәтер пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда олардың құрылысын қаржыландыру жұмыстары атқарылуда. 2025 жылы басқарма 183 нысанның құрылысын жүргізуге 118,2 млрд теңге бөлді, оның ішінде 106 нысан пайдалануға беріліп, қалған 77 нысанның құрылысы 2026–2027 жылдары аяқталмақ. Ал 2026 жылы облыс бойынша 89 нысанға 55,9 млрд теңге қаралған», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, білім беру саласында 2025 жылы 4 нысан ел игілігіне берілген болса, «Келешек мектептері» жобасы аясында 9 900 оқушыға арналған 16 мектеп ашылды. Денсаулық сақтау саласында Жетісай ауданы Бәйтерек елді мекенінде 25 орындық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді, ал жеке инвесторлар есебінен Түркістан қаласында оңалту орталығы ашылды.

2026 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш және Ордабасы аудандарында 2 перинаталдық орталық құрылысын бастау жоспарланып отыр. Мәдениет саласында 2025 жылы 6 нысан ел игілігіне берілген болса, биыл 13 нысан пайдалануға ұсынылады. Спорт саласында өткен жылы 18 нысан пайдалануға берілген, ал 2026 жылы тағы 9 нысанның құрылыс жұмыстары басталады.

Previous Post

Экстремизмнің алдын алу: тәрбие мен түсіндірудің маңызы

Next Post

Түркістан облысында Президент тапсырмаларын орындау бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz