gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыста логистикалық жобалар қолға алынды

27 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Арыста логистикалық жобалар қолға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында өңірлерді дамытудың негізгі бағыттарының бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау, жаңа өндірістік орындар ашу және халықты тұрақты жұмыспен қамтуды атап өтті. Осы тапсырмаға сәйкес, Арыс қаласында жаңа өндірістік парк құрылысы мен логистикалық жобалар жүйелі түрде іске асырылуда.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев Арыс–Шардара тас жолы бойында салынып жатқан өндірістік парк аумағына барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Сапар барысында қала басшысы мердігер мекемеге жұмыс қарқынын арттыруды, нысандарды белгіленген мерзімде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Жалпы аумағы 1,2 гектарды құрайтын өндірістік аймақта 6 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Әр ғимараттың аумағы 480 шаршы метрді қамтиды. Құрылыс жұмыстарымен қатар инфрақұрылым жүйелері де толық қамтамасыз етілуде: электр желісі тартылған, кәріз жүйесі мен ауызсу скважинасы дайын, табиғи газ желісін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Жоспар бойынша өндірістік парк аумағында бес бағыттағы жобалар іске асырылмақ: термопанельдер өндірісі, пластик есік-терезелер шығару, жиһаз жасау, түйе сүтін терең өңдеу және табиғи газ есептегіш құралдарын шығару. Нәтижесінде 50-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде, бұл өңірдегі еңбек нарығына оң әсерін тигізеді.

Сапар аясында қала әкімі жеке инвестор есебінен салынып жатқан «құрғақ порт» алаңына да барып, жобаның жүзеге асырылу барысын бақылады. Аумағы 9 мың шаршы метрді құрайтын логистикалық орталыққа теміржол тұйығы тартылған, жүк тасымалын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы ауыр жүк көліктері сатып алынған. Қала басшысы бұл жобаның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап, инвесторларға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сонымен қатар қала әкімдігі «Coca-Cola» компаниясының ресми дистрибьютері болып табылатын «BADAM DRINKS» ЖШС-нің транспорттық-логистикалық орталығында болды. Аумағы 6 мың шаршы метрді құрайтын кәсіпорын да теміржол тұйығымен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мұнда 60-тан астам азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Орталық Арыс қаласымен қатар Ордабасы және Бәйдібек аудандарына тауар жеткізуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.

Аталған жобалар Арыс қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға, инвестиция тартуға және жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына бағытталған. Қала әкімдігі алдағы уақытта да кәсіпкерлік жобалардың сапалы іске асырылуын, мерзімінен кешіктірілмей аяқталуын қадағалайды.

Previous Post

Түркістан облысында санитарлық талапты бұзған мектеп асханаларына 7,3 млн теңге айыппұл салынды

Next Post

Мақтааралдағы көпірге ауыр жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін арка орнатылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz