gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта жаңа теміржол вокзалы салынып жатыр

28 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағашта жаңа теміржол вокзалы салынып жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында транспорттық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету маңызды міндет ретінде атап өткен болатын. Осы бағыттағы маңызды жобалардың бірі – Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш» теміржол вокзалының жаңғырту жұмыстары.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, нысанның қазіргі жағдайымен танысты. Кездесу барысында аудан басшысы мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін, барлық кезеңнің заманауи талаптарға сай орындалуын қатаң қадағалау қажеттігін ескертті. Қазіргі таңда вокзалдың іргетасы құйылған, кірпіш қалау және бетон бағаналарын құюға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптарының сақталуы мен жұмыс барысының сапасы тиісті сала мамандарының тұрақты бақылауында. Аталған жобаның тапсырыс берушісі – Қазақстан Темір жолы АҚ, ал құрылыс жұмыстарын «Bold Construction Group» ЖШС жүзеге асыруда.

Жоба толық аяқталғаннан кейін теміржол вокзалы заманауи талаптарға сай жаңарып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл нысан ауданның көлік инфрақұрылымын дамытуға, аймақтың транзиттік әлеуетін арттыруға және жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.

Сарапшылардың пікірінше, Сарыағаш вокзалының жаңаруы аймақтық экономиканың дамуына оң әсер етіп, өңір тұрғындары үшін қолжетімді және ыңғайлы транспорттық қызметтерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Previous Post

Меритократиялық ілгерілеу – қызметшінің қабілеті мен адалдығына негізделеді

Next Post

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz