gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»: Қарнақ ауылында мазмұнды кездесу өтті

20 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»: Қарнақ ауылында мазмұнды кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында Қарнақ ауылының аналарымен тағылымды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту, ана рөлін дәріптеу және жас ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді бірлесіп талқылау болды.

Жиынды Аналар кеңесінің төрайымы Кривенцова Маржан Қазыбайқызы ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде ананың қоғамдағы орны мен жауапкершілігіне тоқталып, ұлт тәрбиесінің өзегі отбасынан, ал отбасының тірегі ана екенін атап өтті.

Кездесуге кеңес мүшесі, Кентау қалалық мәслихатының депутаты Г.Жұмагельдиева, жеке заңгер С.Самиева, Кентау қалалық Жастар ресурстық орталығының «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімінің басшысы Қ.Закирбаева, қалалық полиция бөлімшесінің отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция лейтенанты Г.Жақсылықова, Отбасын қолдау орталығының психолог маманы Г.Таубаева, Кентау қалалық Руханият орталығы КММ-нің теолог маманы Ш.Нұрулла, қалалық емхана жанындағы «Алау» орталығының психологы Н.Смаилова, Қоғамдық келісім КММ-нің Кентау қалалық филиалының маманы А.Құрманбаева, сондай-ақ Қарнақ ауылының белсенді аналары қатысты.

Кездесу барысында отбасы құндылықтарын сақтау, әке мен ананың бала өміріндегі тәрбиелік рөлі, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеу, сондай-ақ Отбасын қолдау орталықтарының атқаратын қызметтері кеңінен сөз болды. Мамандар әр сала бойынша нақты мәлімет беріп, алдын алу тетіктері мен қолдау жолдарын түсіндірді.

Заңгер мен полиция қызметкері отбасылық зорлық-зомбылықтың құқықтық салдарына тоқталып, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларын таныстырды. Психолог мамандар ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызын атап өтіп, қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсетілетін психологиялық көмектер туралы айтты. Ал теолог маман ұлттық және дәстүрлі құндылықтардың отбасы берекесін сақтаудағы рөліне тоқталып, тәрбиенің рухани негіздерін сөз етті.

Жиын соңында аналар жеке қабылдауға қалып, мамандардан өздерін толғандырған мәселелер бойынша кеңес алды. Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу қатысушылар тарапынан жоғары бағаланып, пайдалы ақпараттармен толықты.

Жалпы, бұл басқосу отбасы институтын нығайтуға, аналардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және жастар тәрбиесіне қатысты маңызды ой-пікірлерді ортаға салған мазмұнды әрі тағылымды шара болды.

Previous Post

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Next Post

Түркістан Түркі аймағының жаңа экономикалық шешімдерінің алаңына айналды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz