gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

23 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі инфрақұрылымдық тораптарды жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Алтынкөл станциясы мен Қорғас шекаралық өткелі бірыңғай теміржол-шегаралық кешенді құрайды және халықаралық көлік дәлізінің маңызды буыны. Аталған торап елдің транзиттік әлеуетін арттыруда ерекше рөл атқарады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Алтынкөл – Қорғас торабы арқылы экспорт-импорт және транзиттік жүк тасымалының едәуір көлемі жүзеге асырылады. Инфрақұрылым жүктерді жедел өңдеуді, контейнерлерді қайта тиеуді және екі мемлекеттің теміржол қызметтерінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.
Қазіргі уақытта ауқымды жаңғырту бағдарламасы іске асырылып жатыр. Алтынкөл – Жетіген учаскесінде жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын екі аралықта екінші жолдардың құрылысы жалғасуда, сондай-ақ 5 жаңа және 8 қолданыстағы айырықты дамыту жұмыстары жүргізілуде. Бұл желінің өткізу қабілетін тәулігіне 18 жұп пойыздан 33 жұп пойызға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жобаларды аяқтау 2026 жылға жоспарланған. Оларды іске асыру Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтіп, ұлттық көлік-логистика жүйесінің тиімділігін арттырады.
Previous Post

Шардара ауданына 60 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған

Next Post

Түркістандағы ботаникалық бақта қызғалдақтар жайқалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz