gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары бақылауға алынды

22 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төтенше жағдайдың алдын алу шаралары бақылауға алынды
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Ахметұлы Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңірдегі су тасқынына қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аралау барысында вице-министр Кентау қаласындағы Қосқорған су қоймасы нысанына барып, оның қазіргі техникалық жағдайын бақылап шықты. Қала әкімі Жандос Тасов су қоймасының жай-күйі, жүргізіліп жатқан алдын алу шаралары мен су деңгейінің тұрақты мониторингі және қала мен ауылдардағы су тасқынын алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Бүгінде «Қосқорған» су қоймасының жалпы сыйымдылығы 37,3 млн текше метрді құрайды. Қазіргі таңда су қоймада 24,5 млн текше метр су жиналған. Нысанның жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, су жіберу тетіктері мен қорғаныс құрылғылары тұрақты бақылауда.
Сонымен қатар, жауапты сала мамандары тарапынан тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Вице-министр су тасқыны кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтіп, жауапты құрылымдарға бақылауды күшейту және алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Previous Post

Қазығұрттағы Махамбет елді мекені 24 сағат ауыз сумен қамтылады

Next Post

Тарихы терең, тағдыры ерен Кентау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz