gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері аудан тұрғындарымен кездесті

25 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы өкілдері аудан тұрғындарымен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүруде.
Облысық коалиция өкілдері Мақтаарал ауданы мен Жетісай ауданы аумақтарында болып, тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, спортшылармен, мұғалімдермен және медицина саласының мамандарымен мазмұнды кездесулер өткізді.
Іс-шараларға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы, коалицияның өңірлік филиалының жетекшісі Нұралы Әбішов, сондай-ақ коалиция мүшелері Бекжан Айтқұлов, Төрегелді Қалмұратов, Жарқынбек Қанаев, Жақсыбай Құрақбаев, Бақытжан Серманизов, Талғат Қаржауов, Алимардин Медетов және Қадыр Сәрсекбаев қатысты.
Мақтаарал ауданында делегация Үлгілі және Ж.Қалшораев елді мекендерінің тұрғындарымен, сондай-ақ Мырзакент кентіндегі орталық кітапхана ұжымымен жүздесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Кездесулер барысында азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен қозғалды. Спикерлер жаңа редакциядағы Ата Заң азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, өңірлердегі қоғамдық диалогты дамытуға серпін беретінін атап өтті.
Жетісай ауданындағы жұмыс сапары барысында коалиция мүшелері спортшылармен және JET Plaza ұжымымен кездесіп, бұқаралық спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу, кәсіпкерлікті қолдау және еңбек ұжымдарының қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, №7 «Тұран» мектеп-гимназиясының педагогтарымен кездесуде білім беру саласындағы азаматтық мәдениет пен құқықтық тәртіпті нығайту жолдары талқыланды.
Денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесу Жетісай жоғары медицина колледжі базасында өтті. Онда әр азаматтың денсаулығын қорғау, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, кадр даярлау сапасын жақсарту және цифрлық технологияларды енгізу бағыттары сөз болды.
Кездесулер барысында «Халықтық Конституция» ұғымының мәні түсіндіріліп, оның басты мақсаты – әрбір азаматтың мүддесін қорғау, мемлекеттік басқаруда ашықтық пен есептілікті күшейту екені айтылды.
Тұрғындар тарапынан қойылған әлеуметтік, құқықтық және экономикалық бағыттағы сауалдарға жан-жақты жауап беріліп, ашық диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Previous Post

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляциялар

Next Post

Түркістанда «қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» атты өңіраралық форум аясында ai хакатонның ашылуы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz