Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Ел жүрегіндегі ерен алғыс» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық құрылымдар, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, журналистер және зиялы қауым өкілдері қатысты. Мерекелік бағдарлама аясында этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйымдастырылып, қонақтарға өңірдегі этностар мен ұлыстардың мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстыратын мазмұнды экспозициялар ұсынылды.
Салтанатты шараның ашылуында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң басшысы Эльмира Жанғазиева жиылған қауымды айтулы мерекемен құттықтады. Мекеме басшысы алғыс пен ризашылықтың мән-маңызына кеңінен тоқталып, бірлік пен татулықты нығайту жолында еңбек етіп жүрген бірқатар жандарға құрмет көрсетіп облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың атынан арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерпаздар әсем ән мен би арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.



