gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанда халықаралық деңгейдегі атшабар ашылып, 10 ұлттық спорт түрінен ірі жарыстар өтеді

2 марта, 2026
in Uncategorized
0
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді
Share on FacebookShare on Twitter
Тарихы терең, рухы асқақ Түркістан енді ұлттық спорттың халықаралық орталығына айналуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей қадағалауымен спорттық инфрақұрылымды жақсарту және өңірде спорттық туризмді дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Солардың бірі – Түркістанда бой көтерген заманауи атшабар көпфункциялы спорт нысаны. Аталған спорт кешенінің ашылуы аясында Наурыз мерекесіне орай ұлттық және халықаралық деңгейдегі 10 спорт түрінен ірі жарыстар өтеді.
Қаржыландыруды Қазақстан Республикасының салалық федерациялары мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қамтамасыз етеді.
Көкпардан әлем чемпионаты 16-21 наурыз аралығында өтеді. Дүниежүзілік «Көкпар» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 10 команда, 200 спортшы қатысады. 16-20 наурыз – топтық ойындар, ал 21 наурыз финалдық ойындар жоспарланған. Бұл дода Түркістанды әлемдік көкпар картасына шығарады.
Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» республикалық турнирі 19-21 наурызда өтеді. ТО «Аударыспақ» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 13 команда қатысады, финалдық белдесулер 21 наурызда өтеді.
Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты 18-21 наурыз аралығында өткізіледі. Sadaq atu республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 12 команда қатысады. Азияның үздік мергендері тарихи шаһарда бас қосып, көшпенділер дәстүрін паш етеді.
Теңге ілуден Азия Кубогі 21-23 наурызда өтеді. ҚР «Теңге ілу» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 15 команда қатысады. Қатысуы мүмкін елдер: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Моңғолия, Малайзия, Түркия, Ресей, Пәкістан, Иордания, Қытай.
Жамбы атудан республикалық турнир 19-21 наурыз аралығында өткізіледі. Облыстық жамбы ату федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 10 команда қатысады. Жамбы ату стильдері – Азия стилі (халықаралық стандарт), Түркі стилі (жауынгерлік дәстүр), Қазақ стилі (ат үстінде жамбыны атып түсіру).
Аламан бәйге 21 наурызда өтеді. Облыстық бәйге федерациясының ұйымдастыруымен өтетін бұл жарыстың жүлде қоры – 15 млн теңге. Еліміздегі ең жүйрік тұлпарлар қатысады.
Асық атудан Әлем кубогы 18-21 наурыз аралығында өтеді. ҚР «Асық ату» федерациясы ұйымдастыратын жарысқа 60 спортшы қатысады. Сонымен қатар, «Толағай» алыптар сайысында 12 команда күш пен төзімділікті сынайды.
Қазақ күресінен «Түйе палуандар» турнирі 21 наурызда өтеді. 30 спортшы (+100 кг) ауыр салмақтағы тартысты белдесулер көрсетеді. Сондай-ақ, 1000-нан аса адам бір мезетте асық ойнап, тарихи рекорд орнату жоспарлануда. Бұл нәтижесі Guinness World Records кітабына енгізіледі. Барлық спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты қаржылай жүлделер қарастырылған.
Бұл дүбірлі сындарға елімізбен қатар шетелден де саяхатшылар мен спорт жанкүйерлері келеді деп күтіліп отыр. Наурыз мерекесін рухты оятатын додалармен қарсы алатын Түркістан ұлттық спорт түрлерінің орталығына айналады.
Түркістан – енді тек рухани астана ғана емес, ұлттық спорттың халықаралық орталығы. Қонақтарды көктемгі күннің шуағымен, қазақы қонақжайлылықпен қарсы алуға дайынбыз! Ендеше, Түркістан төріндегі заманауи атшабарда кездескенше, ағайын!
Previous Post

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыстар жандана түсті

Next Post

Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz