gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 200 мың гектардан астам жайылым жер ортақ пайдаланымға берілді

4 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында 200 мың гектардан астам жайылым жер ортақ пайдаланымға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген айтты.
«Түркістан облысында жалпы жер қоры 11 млн 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы мақсатында – 4 млн 527,3 мың гектар, елді мекендер – 807,8 мың гектар, өнеркәсіпте – 140,4 мың гектар, ерекше қорғалатын аймақ – 431,4 мың гектар, орман қоры – 3 млн 29,87 мың гектар, су қоры – 134,6 мың гектар және босалқы жер көлемі – 2 млн 539 мың гектар. Облыста ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару екі бағытта жүргізілуде. Алдымен министрлік тарапынан бекітілген жоспар бойынша 129,9 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 118,1 пайызға орындалды. Ал, екінші бағыт бойынша Түркістан облысында ауыл шаруашылығы кешенін зерделеу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған. Атқарылған жұмыс барысында аудан-қала әкімдіктері бойынша 3 960 жер пайдаланушының 372,6 мың гектар жайылым жерлеріне мал басының тіркелмегендігі анықталған. Нәтижесінде 225,2 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылып, жоспар 100,5 пайызға орындалды. Ал, биыл 187,3 мың гектар жайылым жерді мемлекет меншігіне қайтару бағыттарында тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- деді Ерғали Аманкелдіұлы .

Спикердің сөзінше, өңірдегі аудан-қала әкімдіктері бойынша 1 542 жер пайдаланушы 302,4 мың гектар жер телімін мақсатына сай пайданбағандығы анықталып, хабарлама берілген. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша елді мекендерді қоғамдық жайылыммен қамтамасыз ету үшін 2021-2025 жылдар аралығында 1 176 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, 950,3 мың гектар жайылым жер ауылдық округ әкімдіктеріне қоғамдық жайылым ретінде пайдалануға берілген. Сонымен қатар, былтыр жылы аудан-қала әкімдіктері тарапынан 12 конкурс ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 129,3 мың га жер айналымға енгізілсе, биыл 146,5 мың гектар ауыл шаурашылығы мақсатындағы жерлерді айналымға енгізу жоспарланған.

Previous Post

Түркістан қаласы заманауи мектептермен толық қамтылып, білім сапасы жақсаруда

Next Post

Республикалық референдум аясында «Voice wall» интерактивті алаңы ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz