gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр

4 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында биылғы көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр. Диқандар дала жұмыстарына ерте кірісіп, жұмыстарды уақытында атқаруда. Қазіргі таңда облыс бойынша жер жырту жұмыстары 90 пайызға орындалды. Ал сор шаю жұмыстары 65 пайызға жетті. Барлық жұмыстар облыс басшылығының жіті бақылауында.
Биыл өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектар жерге егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 мың гектарға артық. Оның ішінде 536 мың гектарға жаздық дақылдар, 208 мың гектарға күздік егіс, ал 175 мың гектарға жоңышқа өсіріледі.
Егіс көлемінде бірқатар өзгерістер бар. Мақта 162 мың гектарға егіледі, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға көп. Жүгері 55,2 мың гектарға, мақсары 85,4 мың гектарға дейін ұлғайды. Ал суды үнемдеу мақсатында күріш алқабы қысқартылып, 3,5 мың гектарды құрайды.
Ерте пісетін көкөністер мен картопты 24 мың гектарға егу жоспарланған. Бүгінгі күнге оның 7 мың гектарына егіс жүргізілді.
Шаруалар тұқыммен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар биыл егіс алқаптарына 204 мың тонна минералдық тыңайтқыш енгізу жоспарланып отыр. Қажетті тыңайтқыш көлемі алдын ала келісілген. Көктемгі дала жұмыстарына 37,4 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы дайын.
Шаруаларды қолдау мақсатында тауар өндірушілерді несиелендіруге 37 млрд теңге бөліну жоспарланған. Бүгінде 7 млрд теңгеге 331 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ көктемгі жұмыстарға қажетті 53 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
Жалпы, Түркістан облысында көктемгі егіс жұмыстары белгіленген мерзімде жүргізілуде. Бұл – мол өнім алуға және өңірдің ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Previous Post

Республикалық референдум аясында «Voice wall» интерактивті алаңы ұйымдастырылды

Next Post

Түркістан облысында шегірткеге қарсы күресті үйлестіру жұмыстары пысықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz